Алматыда тағы да жер сілкінісі болды
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды. Сейсмологиялык зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз Алматы уақытымен 05:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы — 12.6. Магнитудасы — 5.4. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматыда 2 балл көлемінде сезілді. Еске сала кетейік, 4 наурыз Алматыда 5 балдық зілзала болған…
