Алмас Жарасхан

Тоқаев Елтаңбаның өзгеруі мүмкін екенін тұспалдады

Президент болашақта Елтаңбаның өзгеретінін айтты. Ол алдағы уақытта ашық байқау жарияланатынын мәлімдеді. «Ұлттық бірегейлігіміз мемлекеттік рәміздерде айқын көрініс тапқан. Мен былтыр аймақтардың нышанын, яғни символикасын жүйелеп, бірыңғай стандартқа келтіру қажеттігін айттым. Нышандардан сол өңірдің ерекшелігімен қатар, еліміздің болмыс-бітімі де байқалуға тиіс. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Бұған мамандар, сарапшылар және белсенді азаматтар атсалысуда….

Толық оқу

Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек – Тоқаев

Президент, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек екенін айтты. «Биыл Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толды. Бүгінгі жиынымыз да осы мерейлі белеске тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Біз аста-төк той жасауға емес, салмақты зерттеу жүргізуге баса мән беруіміз керек. Жошы ұлысы Қазақстанның…

Толық оқу

Мешіт салғандардың ниеті түзу, алайда мектеп, аурухана, кітапхана салу әлдеқайда маңыздырақ — ҚР Президенті

Фото: Ақорда Өз қаржысына мешіт салған кәсіпкерлердің ниеті түзу, оны түсінуге болады. Алайда, жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайын тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  «Елге жанашыр іскер азаматтар бізде де аз емес. Мұндай азаматтар қоғамға қажетті көптеген…

Толық оқу

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы: Президент Үкіметке тапсырма берді

Фото: Pixabay Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жаңа тұрғын үй бағдарламасы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Ұлттық құрылтайда біз мәдени-гуманитарлық саланың және идеологияның жаңа бағдарын айқындаймыз. Осының бәрі ұлттық бірегейлігімізді нығайту және елімізді қарқынды дамыту үшін өте маңызды. Дегенмен, өзгерістердің басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын…

Толық оқу

Қоғамда қатігездік күшейіп барады — Мемлекет басшысы дабыл қақты

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда қоғамда күшейген агрессия туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Ашығын айтсақ, қоғамда қатігездік күшейіп барады. Біреуге тіл тигізіп, ар-намысын таптап, тіпті, ұрып-соғуға дайын тұратындар аз емес. Жедел жәрдем және қоғамдық көлік жүргізушілеріне шабуыл жасалғанын білесіздер….

Толық оқу
Яндекс.Метрика