Жамбылда мұғаліммен жанжалдасқан оқушыға жедел жәрдем шақырылған
Фото: видеодан кадр Жамбыл облысында математика мұғалімімен жанжалдасқан 7-сынып оқушысына дәрігерлердің көмегі қажет болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы оқушының ата-анасы Egov press Telegram арнасында мәлім еткен. Видеоны жіберген ата-ана Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы мектептің математика пәні мұғалімі жасөспіріммен жанжалдасып, баланың жағдайы нашарлап кеткен. Жамбыл облысы Білім басқармасы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді….
