Алмас Жарасхан

«Мақсатымыз мәдени тұрғыда тәжірибе алмасу»: Алматыда отыздан астам қытайлық компанияның қатысуымен форум өтті

Қытай елінің тұрғындары Орта Азия елдеріне саяхаттауға қызығып отыр. Қытайда жылына кемінде 100 миллион турист сырт елдерге саяхаттайды. Ал Қытайдың Қазақстанмен шекаралас Суар аймағының өзінде ішкі-сыртқы туристердің саны 270 миллионнан асады. Қытайлық компаниялар осы туристердің тым болмағанда 10 пайызын Қазақстанға, Орта Азия елеріне саяхаттатуға жоспар құрып отыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Алматыда өтіп жатқан форумға…

Толық оқу

Токсикозбен ауруханаға түскен жүкті әйел көз жұмды

Жамбыл облысында жүкті әйел ауруханада қайтыс болды. Туыстары оның өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды дейді. Бұл туралы Massaget хабарлады. 8 қаңтарда А. есімді әйел Жуалы аудандық ауруханасына токсикозға шағымданып келген Ауруханаға жатқызылған кезде ол жүктілігінің сегізінші аптасында болған. Марқұмның әпкесі: «Әйелді емдеген болған гинекологиялық бөлім меңгерушісінің айтуынша, учаскелік дәрігердің ұсынысы бойынша сіңілімді 8 қаңтарда гинекологиялық…

Толық оқу

Белгілі жазушы, журналист Медеу Сәрсеке өмірден өтті

Көрнекті жазушы, журналист, драматург, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсеке өмірден өтті. Медеу Сапаұлы қазақ кен-металлургия институтын бітірген соң «Жас Алаш» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Семей цемент зауытында мастер, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, «Егеменді Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан жазушылар одағының Семей…

Толық оқу

Олимпиадаға 26 жолдама бар

Биыл Францияның астанасы Париж қаласында алауы тұтанатын  XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасы 26 лицензияны иеленіп отыр. Әзірше ел қоржынында спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар. «Атап айтқанда, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және…

Толық оқу

Пентагон Украинаның аман қалуына қауіп төніп тұр деп мәлімдеді

Остин Америка Құрама Штаттарының Украинаны қолдауға деген адалдығын атап өтіп, АҚШ-тың одақтастары мен серіктестері де көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын айтты. Ол АҚШ Конгресі Киевтің қосымша қаржыландыруын әлі мақұлдамағанына қарамастан, әскери қолдауын нығайту ниетімен сендірді. Қорғаныс министрі сонымен қатар АҚШ пен оның коалициясы Украинаның жеңілуіне жол бермейтінін және еркін әлем бұл елді қорғайтынын атап өтті. Ол…

Толық оқу
Яндекс.Метрика