Су тасқыны: Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.
