Құлынды құтқармақ болған Түркістан облысының тұрғыны судан шыға алмай қалды
Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жас жігітті ажалдан арашалап қалды. Республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тасжолына кезекшілікке түскен полицейлерге жол бойындағы адамдар Сырдария өзенінен бір адамның шыға алмай жатқанын жеткізген. Тәртіп сақшылары мән-жайды білісімен бірден құтқару жұмысына кірісті. Дәулет суға түсіп, батып бара жатқан адамды жағаға жақындатты. Содан әріптесі Нұрғали екеуі…
