«Бір күліп, бір жылап…» – Мақпал Жүнісова Заманбектің еш жерде жарияланбаған видеосын көрсетті
Қазақ эстрадасының танымал әншісі, халықтың сүйікті жұлдызы Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бейнежазбасы мен суреттерін жариялап, көпшілікті тебірентті. «Топырағыңыз торқа болсын, қайтып келмес күндерді қарап, бір күліп, бір жылап, өтіп жатқан өмір», – деп жазды Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында. Жарияланған видеода Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов “Айша” есімді тотықұсына арнап…
