Жылы киіміңізді салуға асықпаңыз. Қазақстанда алдағы күндері аяз болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК 23-25 сәуірге ауа райы болжамын жариялады. Елдің бірнеше аймағында бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін деп хабарлайды. Ауа-райы қандай болмақ? Республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп, найзағай, жаңбыр күтіледі. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқыны қатты болады. Тек аптаның басында антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі…
