Мейіржан Мұқаш

Шымкентте көлік өтетін көпір жартылай опырылды

Шымкентте Жаңаталап шағынауданын қаламен байланыстыратын көпір жартылай опырылды. Аудан әкімі жергілікті тұрғындар үшін айналма жол мәселесін ойластыруға уәде берді, деп хабарлайды Otyrar.kz. Журналистердің мәліметінше, Шымкенттегі Жаңаталап шағынауданында көлік өтетін көпір жартылай опырылған. Өткел халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстырып тұрған. Төтенше жағдай болған жерде апатты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Өткел жабылып, көпір арқылы өтетін…

Толық оқу

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен аутизмге шалдыққан баланың мәйіті өзеннен табылды

Ақтөбе облысында полицейлер жоғалып кеткен ерекше баланың мәйіті табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Жоғалғаны баланы іздеу жұмыстары 4 тәулікке жалғасқан еді. “Бүгін 13 жасар жоғалған баланың денесі судан табылды. Ақтөбе облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары Елек өзені, аймағында сағат 09:45-те жағадан 15 метр қашықтықта 1.5 тереңдіктен жоғалған баланың денесін судан шығарды. Қазіргі таңда…

Толық оқу

Шымкентте жүргізуші полицейді капотына «отырғызып», бірнеше метрге жүріп өткен (видео)

Шымкентте көлікті тоқтатпақ болған полицейді жүргізуші капотына салып, бірнеше метрге жүріп өткен. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Видеодан патрульдік полицейдің Toyota-ның капотында жатып көлікті тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Алайда жүргізуші тоқтамай тұрып бірнеше метрге жүріп өткен. Оқиғаға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің өкілдері Toyota жүргізушісін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын айтады. Алайда ол тәртіп сақшыларының…

Толық оқу

Қорғаныс министрлігі жастарды әскерге көшеден күштеп әкетуге қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру жасындағы азаматтарға қатысты рейдтер жүргізу жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.  Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан түсірілген видеолар тараған еді. Осы орайда министрлік әскерге шақыру науқандары барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақтылы…

Толық оқу

Банкке барып, несие алуды сұрайды: Прокурорлар алаяқтықтың жаңа түріне қатысты ескерту жасады

Бас прокуратурасы елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. «Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді. Осы „несиені“ жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне…

Толық оқу
Яндекс.Метрика