Атырауда кісі өлімімен аяқталған жанжалдың куәгерлері дауға не себеп болғанын айтты
56 жастағы ер адамды ұрып өлтірген күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жәбірленуші абайсызда көлігімен бөтен адамның автокөлігін соғып кеткен. Ашуға мінген жүргізуші сөзге келместен ер адамды соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Марқұмның артында төрт баласы мен бес немересі қалды. “Амандық аға сыйлы адам еді. Тірі жанды…
