Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова екінші баласын дүниеге әкелді
40 жастағы қазақстандық өнер жұлдызы Мақпал Исабекова екінші баласын дүниеге әкелді. Ол бұл қуанышты жаңалығын өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, перзентханадан сәбиімен бірге түскен суретін көрсетті. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. «Сәлем Әлем! Альхамдулиллях, бізде қыз. Баршаңызға алғыс айтамын», — деп жазды музыкант. Мақпал Исабекованың жазбасы астына әріптестері мен жанкүйерлері жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жолдады….
