qazaqtoday

Джо Байден президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді

АҚШ президенті Джо Байден президенттік бәсекеден шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы саясаткер өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді. Байден президенттік бәсекеден кетуге шешім қабылдағанын, сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтты. Президент ретінде қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен қайта сайлануға ниет білдірсем де, сайлаудан шығып, президент ретінде лауазымдық міндетім толық аяқталғанша қызметімді…

Толық оқу

Алаяқтар Ерболат Досаевтың атынан «қарызға» ақша сұрайтын болған

Алматы әкімдігі қала басшысы Ерболат Досаевтың атынан қазақстандықтарға WhatsApp мессенджерінде жалған хабарлама жіберілгені туралы ескертеді. «Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан WhatsApp мессенджерінде жалған хабарламаларға байланысты, сізден мұндай хабарламаларға жауап бермеуіңізді және жалған хабарламаларға сенбеуіңізді сұраймыз. Сіздің ақшаңызды заңсыз алу үшін интернет-алаяқтар жіберіп жатыр», – делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында. Тиісті хабарламаны қалалық әкімдік 2024 жылғы 21…

Толық оқу

Алматы тұрғындары Досаевқа «үндістер» туралы шағымын жеткізді

Алматы тұрғыны қаланың әкіміне шағымданды, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап. Тұрғынның айтуынша, жақын маңдағы жатақханада тұратын 750 шетелдік (Үндістандық) студент тыныштықты бұзады. Шағымданушының сөзінше, студенттер жатақхана аумағында шу шығарып, таңғы 5-ке дейін футбол ойнайды, самокат тебеді және балалар алаңдарын ластайды. Бұл мәселеге жауап ретінде қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындардан адамдарға таңба салмауды…

Толық оқу

«Салонда 50 адам болған»: Қазақстаннан Моңғолияға бағыт алған автобус өртеніп кетті

Астанадан Моңғолияның Баян-Өлгейге қаласына бағыт алған рейстік автобус 20 шілдеде Ресейдегі тас жолда түгі қалмай өртенді. Ресейдің Алтай Республикасы бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға Оңғұдай ауданында болған. «Сағат 06:13-те «Шу трактісі» Р-256 автожолының 720 шақырымында Астана (Қазақстан Республикасы) – Баян-өлгей (Моңғолия Республикасы) бағыты бойынша жүретін рейстік автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Салонда…

Толық оқу

Бақтияр Артаев ата-анасы жол апатына түскен кезді еске алды: «Бір күнде жетім қалдым. Көзбен көру оңай болмады»

Боксшы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Асылтас» телеарнасының бағдарламасына берген сұхбатында ата-анасынан айрылған кезін еске алды, — деп хабарлайды Qazaq.today Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Боксшының ата-анасы ауыр жол апатынан көз жұмған. «2012 жылы бір күні анам әкемнің інісінің туған күні екенін, 40 жасқа толып жатқанын айтты. «Бәріміз бара жатырмыз, сен де барасың ба?» деп сұрады. Мен «иә, барайын,…

Толық оқу
Яндекс.Метрика