Қайрат Нұртас желіде бейтаныс арумен видео жариялады
Әнші Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасында бейтаныс арумен түскен видеосын жариялады. Видеода Қайрат Нұртастың қасындағы бойжеткеннің хиджаб кигенін аңғаруға болады. Дегенмен ол камераға жүзін көрсетпейді. «Ассалаумағалейкум, қалдарыңыз қалай? Сәлем», — дейді Қайрат Нұртас видеода. Өнер иесінің жанындағы қыздың кім екені әзірге белгісіз. Әншінің өзі де бейтаныс аруға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.
