Алматыда имплант тіс салдырған соң әйелдің бет сүйегі шытынап, жағы жансызданып қалған
Имплант тіс салдыруға жекеменшік клиникаға жүгінген 44 жастағы әйел ота жасаған дәрігердің үстінен шағым түсірді. Айтуынша, отаның салғырт жүргізілуінен бет сүйегі шытынап, жағы жансызданып қалған. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Салған жасанды тістері 1 ай өтпей түсіп, қызыл иектің кей тұсы іріндеп кеткен көрінеді. Дәрігерге көңілі толмаған келіншек енді 1 миллион 200 мың теңгесін толық…
