qazaqtoday

Дәретханадан табылған 5 жастағы қыз. Оқиғаға кәмелетке толмаған жерлесінің қатысы болуы мүмкін

Дәретханадан табылған 5 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тың мәліметті жариялады. Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. «Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын…

Толық оқу

Ресейде жойқын жер сілкінісінен кейін жанартау атқылады

Камчаткада 7,1 баллдық жер сілкінісі болып, салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Жерасты дүмпуі Тынық мұхитында, Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында тіркелді. Петропавл-Камчатский және Вилюйск қалалық округтерінде және Елизовский және Усть-Камчатск аудандарында жер сілкінісінің күші 7 баллға дейін сезілді. Қазір жер сілкінісінен болған шығындар есептеліп жатыр. Күшті жер сілкінісінің салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Жанартаутану және сейсмология институтының мәліметінше, Шивелуч жанартауынан теңіз деңгейінен 9 шақырым…

Толық оқу

Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтардың құрбаны болды

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram-дағы парақшасында алаяқтардың құрбаны болғанын мәлімдеді. Актриса әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалына жауап берді. Оқырмандары «Алаяқтарға алданып көрдіңіз бе?» деп сұрақ қойды. Оқырманның сұрағына Жұлдыз Әбдікәрімова былай деп жауап берді: «Алданғанда қандай?! Дәл қазір процесс жүріп жатыр. Ол бөлек әңгіме. Жақында бәрін де айтып беремін», — деп жазды ол.

Толық оқу

«Айтжанов кетсе, менде кетемін»: Сәкен Бибосынов тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Боксшы Сәкен Бибосынов әлеуметтік желідедегі парақшасында «Мырзағали Айтжановтың соңынан менеде құрамадан кетемін» деген сөзін жоққа шығарды. Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Ол сөз жалған. Мен боксты қойған жоқпын, — дейді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов бастаған бокс бапкерлері түгел орындарын босатқанын жазған болатынбыз.

Толық оқу

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Хонсю аралының жағалауында 5,0 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Ұйымның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, эпицентр Мито қаласынан солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан, онда шамамен 246 мың адам тұрады. Зілзала ошағы 35 км тереңдікте жатқаны белгілі болды. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ. Цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.

Толық оқу
Яндекс.Метрика