qazaqtoday

«Өскеменде әйелдерді өлтіретін маньяк шықты»: полиция түсінік берді

Әлеуметтік желіде «Өскеменде маньяк пайда болды» деген ақпарат тарады, деп хабарлады Qazaq.today yk-news.kz-ке сілтеме жасап. 13 тамызда «Турист» автобазасы ауданындағы саяжайлардың бірінен шамамен 45-50 жастағы белгісіз әйелдің мәйіті табылған болатын. Осыдан кейін желіде соңғы бірнеше күнде бір-біріне ұқсайтын бірнеше жағдайдың анықталғаны туралы ақпарат тараған. Көз жұмғандардың барлығы – әйел. Олардың денесі көше бойынан табылған-мыс. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды….

Толық оқу

Назым Қызайбай мен Демеу Жадыраевқа Алматы облысынан пәтер берілді

Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға Алматы облысынан пәтер берілді,  – деп хабарлайды Qazaq.today Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Дүбірлі додаға қатысқандарды өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтады. Аймақ кәсіпкерлері халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген дарынды спортшыларды қолдауға әрқашан дайын екенін айтып, бағалы сыйлықтар табыс етті. Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшыларды Алматы облысының жұрты ерекше ықыласпен…

Толық оқу

Кеңес Рақышев Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады

Кеңес Рақышев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді. Бұл туралы Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков әлеуметтік желіде жазды. «Кеңес Хамитұлы батырларымыз Елдос пен Ғұсманға берген уәдесін орындап, темір тұлпар мінгізді. Алла сізге разы болсын Кеңес мырза», — деп жазды ол.

Толық оқу

Астанадағы «Атырау» көпірінен көлікпен жүріп өткен тұрғын қамауға алынды

Қоғамдық орында бола тұра тұра, орталық демалыс саябағында орналасқан «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінде автокөлігін мемлекеттік нөмірсіз, «желікпелікпен» басқарған. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Т.-ға қатысты іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, автокөлікті жаяу жүргіншілер көпірінде басқару туралы досымен бәстескенін, жасаған ісіне…

Толық оқу

Fly Arystan жолаушылары әуежайдың мүлкін қиратты (ВИДЕО)

Кеше Алматы әуежайында Fly Arystan әуе компаниясының жолаушылары бүлік шығарды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. SMS-хабарламадағы қателіктен жолаушылар рейстен қалып қойып, әуе компаниясының қызметкерлеріне заттарды лақтырып, тәртіпсіздік жасаған. Алматы-Астана рейсі 09:05-тен 09:25-ке кешіктірілген, бірақ жүйедегі ақауға байланысты жолаушылар рейстің 10:55-ке ауыстырылғаны туралы хабарлама алған, — деп хабарлады FlyArystan. ІІМ Көліктегі полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік…

Толық оқу
Яндекс.Метрика