«Өскеменде әйелдерді өлтіретін маньяк шықты»: полиция түсінік берді
Әлеуметтік желіде «Өскеменде маньяк пайда болды» деген ақпарат тарады, деп хабарлады Qazaq.today yk-news.kz-ке сілтеме жасап. 13 тамызда «Турист» автобазасы ауданындағы саяжайлардың бірінен шамамен 45-50 жастағы белгісіз әйелдің мәйіті табылған болатын. Осыдан кейін желіде соңғы бірнеше күнде бір-біріне ұқсайтын бірнеше жағдайдың анықталғаны туралы ақпарат тараған. Көз жұмғандардың барлығы – әйел. Олардың денесі көше бойынан табылған-мыс. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды….
