«Мені күтемін деді»: СҚО-да 56 жастағы жазасын өтеуші әйел колонияда некесін қидырды
Солтүстік Қазақстан облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеуші тұрмысқа шығып, некесін қидырды. 56 жастағы әйел тек жеті жылдан кейін ғана бостандыққа шықпақ. Петропавлдық Л. есімді әйел осыдан бір жыл бұрын 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Қазіргі уақытта «Еңбек-Қызылжар» кәсіпорнында еңбек етеді. Енді 15 жыл азаматтық некеде…
