Қазақстандық көкпаршылар Өзбекстанды 16:0 есебімен жеңді
Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасынан басым түсіп, жеңіске жетті. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Көкпар ойындарының алғашқы жұбы болып алаңға Қазақстан мен Өзбекстан шықты. Нәтижесінде, қазақ көкпаршылары өзбек қарсыластарын 16:0 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады.
