Атырауда 9 жасар қыз подъезге өрт қойып қашып кетті (видео)
Атыраудағы Нұрсая шағын ауданында 9 жасар оқушы қыз подъезді түгелдей өртеп жібере жаздады. Фото: Видеодан скрин Atyrau Online Telegram-арнасында қыздың подъезге өрт қойған видеосы жарияланды. Жергілікті полицияның мәліметінше, 9 жасар қыз сіріңкемен ойнап жүріп, подъезде тұрған велосипедке өрт қойған. Өрт шыққанда ол қорыққанынан оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір болған жағдайға қатысты құжаттар жинастырылып жатыр. Қыздың ата-анасына түсіндірме жүргізілді.
