qazaqtoday

2025 жылдан бастап облыс орталықтарының әкімдері сайланады

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауынан әкімдерді тікелей сайлау үрдісі жалғасатыны белгілі болды. Бұл жүйеге енді барлық аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау қосылмақ. Қоғамда саяси қадамның мән-маңызы, сайлаудың тиімділігі тұрғысында пікір алуан. Ел көкейінде «сайлау жүйесі тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешуге қаншалықты әсер етеді?», «саяси институттар мемлекеттік басқару құрылымындағы кадрлық өзгерістің қандай алгоритмін ұсынады?» деген…

Толық оқу

«Қатты ұялдым»: Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін не үшін намыстанғанын айтты

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париждегі ойындарда не үшін ұялғанын айтып берді. «Қызық Times» бағдарламасына берген сұхбатында Сметов олимпиада барысында ағылшын тілін білмегені үшін өзін ыңғайсыз сезінгенін айтты. «Менің бүкіл әлем бойынша қарсыластарым мен достарым бар. Олармен сөйлесейін десем, ойымды жеткізе алмаймын. Олар да маған сұрақ қойып, әңгіме айтып жатады, бірақ мен түсінбеймін. Алайда бұл маған қатты әсер етпейтін», – дейді Сметов….

Толық оқу

Жетісу облысында 16 жастағы қыз жатақханада көз жұмды: Ата-анасы өлімнің себебін анықтауды сұрайды

Жетісу облысында белгісіз жағдайда көз жұмған 16 жастағы қыздың туыстары тергеудің созылып кеткеніне наразы. Олар Зарина Берікованың уланып көз жұмғанына сенбейді. Сондықтан қайтадан сараптама тағайындап, куәгерлерден сұрақ-жауап алынуын талап етеді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  Видеодан скриншот Жазира Тоғасбаева 7 ай бұрын жалғыз қызынан айырылды. Зарина 9-сыныпты бітіріп, Талдықорғандағы инновациялық колледждің филология факультетіне оқуға…

Толық оқу

Алматы облысында жол апатынан 18 жастағы жігіт қаза тапты

Алматы облысында жол апаты болып, 18 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today. Апат Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында орын алды. ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) мәліметінше, 18 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Жас жігіт ауыр жарақаттар алып, жедел жәрдем қызметі келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция оқиға бойынша тергеу…

Толық оқу

Алматы тұрғыны 27 миллион теңге жымқырып, Түркияға қашып кеткен

Қазақстанның Бас прокуратурасы Түркияның осы азаматшаны елге қайтарғанын хабарлады. Тергеу барысында күдікті әйел Алматыдағы бір компанияда бухгалтер болып жұмыс істеп жүргенде 27 миллион теңгені ұрлағаны анықталған. Ол жалған құжаттар пайдаланған. 2023 жылы әйел Түркияға қашып кеткен соң, оған халықаралық іздеу жарияланған. «Осы жылдың тамыз айында оны Түркияда ұстап, Қазақстан құқық қорғау органдарына тапсырды. Бүгін Бас…

Толық оқу
Яндекс.Метрика