Мемлекет басшысы ҰҚК орынбасарларын тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысының өкімімен: Марат Қабиденұлы Жұмабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды; Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды; Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
