Діни басқарма Шерзаттың өлімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады
«Бейкүнә адамды өлтіру – барша адамды өлтіргенмен тең» делінген үндеуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамдағы қатыгездік жағдайларға қатысты Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады. «Соңғы кездері қоғамда болып жатқан түрлі қатыгездік оқиғалар бәрімізді қатты алаңдатуда. Оқушылардың жаппай төбелесі, жастар арасында өзіне қол жұмсау оқиғаларының жиі қайталануы, тұрмыстық қақтығыстың соңы өлімге ұласуы сынды ауыр жағдайлар жанымызға қатты батуда….
