All posts by qazaqtoday

Петропавлда қараңғылық пен батпақ: тұрғындар жедел жәрдем де жете алмайтын көшеде өмір сүріп жатыр

Фото: Видеодан кадр

Петропавлдың жұмысшы кенті — шынайы контраст аймағы. Орталық көшелерде жарық пен асфальт бар, ал сәл ішке бұрылсаңыз — батпақ пен қараңғылық басталады.

Островский көшесінің тұрғындары жылдар бойы жолсыз, жарықсыз, үмітсіз өмір сүріп келеді. Жаңбырдан кейін мұнда тек резеңке етікпен жүруге болады. Түнде көзге түртсе көргісіз қараңғылық, ал жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері мұнда жете алмайды.

Адамдар көп сұрап отырған жоқ — жол, жарық пен қауіпсіздік қана. Бірақ әкімдік уәде беруден әрі аспай келеді.

«Балалар мектепке кіре алмай тұр!» – Жаңаөзенде турникет төңірегінде шу шықты

Фото: Видеодан кадр

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орнатылған мектеп турникеттері қоғамда қызу талқылануда. Әлеуметтік желілерде тараған видеода бастауыш сынып оқушылары мектепке кірер кезде есік алдында топтасып, ұзақ уақыт кезекте тұрғаны көрінеді.

Желі қолданушылары бұл жағдайға турникеттің себеп екенін айтып, оның оқушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін мәлімдеді.
«Сол бәле турникет», – деп пікір қалдырғандардың бірі.

Ал кей ата-аналар мәселе турникеттен емес, мектепке ерте келген балаларды ішке кіргізбеу тәртібінде екенін жазған.
«Ерте келген баланы өткізбейді, тек сабаққа 10 минут қалғанда ғана кіргізеді. Біздің №19 мектепте де солай», – дейді ата-аналардың бірі.

Тағы бір қолданушы: «Ол турникетті кім қойған?» – деп мәселенің себебін әкімдік пен білім басқармасынан сұрауда.

“ОСИ тек ақша жинайды, нәтиже жоқ!” — Ақтауда тұрғындар әкімдікке шағымданды

Фото: Видеодан кадр

Ақтаудағы 28А шағын ауданының тұрғындары екі жылдан бері пәтер ақысын тұрақты төлеп келсе де, үйлердің жағдайы жылдар бойы өзгермеген. Кіреберіс лас, жертөледен иіс шығады, аулада қоқыс жиналмайды. Тұрғындар “ОСИ тек ақша жинайды, бірақ нақты жұмыс істемейді” деп ашуға мінді.

Жиналған жұрт қала әкімдігіне барып, басқарушы ұйымның әрекетіне наразылығын білдірді.
Олардың айтуынша, “Ортақ меншік иелері бірлестігі” (ОСИ) екі жарым жыл бұрын құрылғанымен, осы уақыт ішінде ешқандай нәтиже көрсетпеген.

«Бәріміздің проблемамыз бір — ОСИ тек ақша жинайды, бірақ не ауламызды, не кіреберісімізді жөндемейді. Екі жарым жыл өтті, еш өзгеріс жоқ. Біз тек төлейміз, ал олар үндемейді», — дейді тұрғындардың бірі.

Тұрғындар жиналыс кезінде ұйым басшылығынан қаржы есебін талап етті. Бірақ жауапты тұлғалар есеп-қисапты ашық көрсетпеген.
Осыған байланысты тұрғындар өз арасында бастамашыл топ құрып, басқарушы ұйымды ауыстыруға және жаңа төраға сайлауға шешім қабылдағандарын айтты.

Кейбір тұрғындар бұл мәселе тек 28А шағын ауданына емес, Ақтаудың бірнеше көпқабатты үйлеріне ортақ екенін жеткізді.

«Бұл тек біздің аудан емес, бүкіл қаладағы ОСИ-лердің біразы осылай. Ақша жинайды, бірақ іс жүзінде жұмыс көрінбейді. Ауладағы жарық істемейді, жертөледен иіс шығады, су кетпейді. Біз енді үндемейміз, өзгеріс талап етеміз», — деді тағы бір тұрғын.

Әйгілі Мұстафа Өзтүріктің қызы жантебірентерлік видео жариялады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Қазақ халқының маңдайына біткен жұлдызы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік елге келіп, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Журналист Айнұр Омар даңқты спортшы Мұстафа Өзтүріктің қызының туған жер туралы жантебірентерлік видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Дүние тұрғанша тұр, Отаным!

Неслихан Өзтүріктің қазақ жеріндегі сапары сондай әсерлі. Әрі қуанып, әрі толқып жүр. Абай елінде бір музей қызметкері “30 жыл бұрын мен әкеңізге де осы жерді таныстырғам” деп еді, Неслихан әлгі ағаны бас салып құшақтап жатыр. Әкең кетсе де, әкеңнің көзін көрген кетпесін деген осы шығар. Қазақшасы да сондай тәтті, жұмсақ. Тыңдай бергің келеді», — деп жазды ол.

 

«Анам мен әкем үйленгенде тойлары болмаған»: Мәдина Сәдуақасова анасына тосынсый жасады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр 

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова анасының туған күнін ерекше деңгейде өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесінің анасы 70 жасқа толды.

“Анашымның туған күнінде әдемі тілектер де, гүлдер мен сыйлық та өте көп болды. Сыныптастарым мектеп кезіндегі фотосын шығарып әкелді. Әнуар бастаған барлық немерелері “Асыл әжем” әнін орындады. Ырысбала сіңлім тойда шашу жасап, жаңа IPhone мен шапанын кигізді. Мақпал апай да аппақ шапан кигізіп, анам той бойы шешпей жүрді. Ата-анама Дубайға жолдама бергенде бәріміз таңғалдық. Осы күнге дейін ол жаққа бармапты. Әкем: “Осы екі бала Дубайға жібермегенде Эмиратты көрмес па едім” деді. Осы тойға келген, келе алмаған жандарға мың алғыс. Анам мен әкем үйленгенде тойлары болмай, анам ақ көйлек кимепті. 70 жасында анама арнап ақ көйлек тіктірдім. Осындай қуаныш сіздердің үйлеріңізде болсын”, – деп жазды әнші.