qazaqtoday

Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Төрехан Сабырхан (67 келі) бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaq.today сайты. Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ол кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояны жеңді. Дүбірлі додада ширек финалда өзбекстандық Акбар Ахмадов, черногориялық Милош Роганович пен ауғанстандық Самир Хамдамды тізе бүктірді. Ал жартылай финалда қытайлық боксшыны қапы қалдырды. Айта кетсек, Төрехан Сабырхан…

Толық оқу

Қазақстанда кальянға толық тыйым салу мәселесі қарастырылуда

Қазақстанда кальян сатылымына және оны шегуге толық тыйым салу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Министрліктің хабарлауынша, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанымен, оның сатылымына әлі тыйым салынған жоқ. Яғни, мекемелер кальянды сатуға құқылы, алайда оларды жеке үйлерден басқа жерде шегуге болмайды. Кальян тұтынудың кең таралуына байланысты оның сатылымы мен тұтынуын қатаң реттеу…

Толық оқу

«Қазақфильм» жер сату және өткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған киностудияның жер учаскесін сату және өткізу режимінің қатаңдатылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Студия бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін және таралған ақпаратты теріске шығаратынын мәлімдеді. Жер учаскесі және ғимарат сатуға шығарылмаған «Қазақфильм» студиясы қазіргі уақытта Рысқұлов даңғылы бойындағы учаске мен…

Толық оқу

Францияда қазақ тарихына арналған көрме ашылады

Ұлы дала жауһарлары Франция төрінде көрсетіледі. 6 қараша күні Париждегі Гиме музейінде қазақ тарихына арналған көрме ашылады. Көпшілік назарына 4 жылдық кезеңді қамтитын көшпелілер мәдениетіне тән сирек артефакттар ұсынылады. Оны қазақстандық музейлер ұсынған. Қазір Франция астанасында аталған шара қарсаңында ауқымды жарнама науқаны жүріп жатыр.

Толық оқу

5 мыңнан астам астаналық JOLTAP әлеуметтік жобасының арқасында жұмыс тауып, бизнес бастады

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Астанада жергілікті тұрғындарға жұмыс табуға, кірістерін көбейтуге және қысқа мерзімде жаңа мамандықтарды игеруге көмектесетін JOLTAP ауқымды жобасы іске асырылуда. Осы уақыт ішінде оның аясында ондаған мың азамат мамандардан кеңес алып, оқу курсынан өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жоба Астана әкімдігінің бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда….

Толық оқу
Яндекс.Метрика