All posts by qazaqtoday

«Бір жылдан бері су жоқ, медпункт жабық»: Абай облысындағы ауыл тұрғындары биліктен көмек сұрады

«Енді ақ көйлек кимеймін»: Ажырасқан блогер үшінші рет күйеуге шықпайтынын айтты

Фото: @saltanat.a.e. парақшасынан

Күйеуімен ажырасқан ақтаулық блогер оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Салтанат Аманқосқызы енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.

 

«Енді ақ көйлекті киіп, отбасылық өмірге қадам баспаймын. Ақ көйлекті үстімнен тек түсірілімдерден ғана көресіздер. Ойлана келе, енді отбасылық өмірге аяғымды аттап баспаймын дедім. Алдағы уақытта қандай шешім қабылдап, өмірімнің бағыты қай жаққа бұрылғанын көре жатарсыздар. Бұдан кейін мен махаббатқа да, сезімге де, адамға да сенбеймін. Ата-анаммен отырып ашық сөйлестім. Әрине, алдарында ұятты болдым. Себебі, екінші рет ажырасып отырғасын, әкем мен шешемнің көңіліне тағы қаяу түсірдім-ау. Бұдан бұлай, жаңа отбасы құрып, тұрмыс құру туралы жақ ашпаймын. Опық әбден жeдiм. Бoлap.

Әкемнің бір сөзі тамағымды тұрыn қалды. “Caған қызымды осылай жылaтy үшiн бердім ба? Менің жасыма келгенде, менің және әкеңнің ішкі жан-дүниесі қандай болып жатырғанын сезінерсің”, деп көзіне жас алған сәті… Сол кезде, менің әлемім көз алдымда құлады. “Өзіммен өзім тұрмыс құрмай-ақ жүре беруім керек еді. Неге ocы адамға ceнiп, eкiнші рет шалыс бастым екен?!”, деген ой маза бермеді. Әкеме “енді тұрмыс құрмаймын” деп уәде бердім…

Болары болды,

Бояуы сіңді», — деп жазды ол.

 

Айта кетейік, блогер екінші күйеуінің көзіне шөп салғанын айтып, жазба жариялаған еді.

Желі қолданушылары блогердің бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

 

«Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле екен. Ондай күйеудің барынан жоғы», «Жүрегім езіліп отыр, қандай ауыр», «Басынан ұнамап еді сол еркек», деді ол. 

 

Қарағандыда 15 жастағы қызды «әйел қылып алған» ер адам сотталды

Фото: Pixabay

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сот істі жан-жақты қарап, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деп шешті.

Ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, ал прокуратураға оқиғаға жол берген ересектердің әрекетін заң тұрғысынан тексеру тапсырылды.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көпшіліктің назарын аударған іс қаралды. Айыпталушы, 37 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасады деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, биылғы жылдың басында Абай қаласының тұрғындары қыздың анасы мен өгей әкесі, оны ер адамға тұрмысқа шығуға көндірмек болған. Қыздың қарсы болуына қарамастан, өгей әкесі оны сол ер адаммен бірге Қарағандыға жіберген.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға ең жоғарғы жаза 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап, керісінше, істі жеңілдетілген бап бойынша қарауды өтінген. Сот істі жан-жақты қарап, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деп шешті. Сот үкімімен ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған өмір бойына білім беру және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу саласында еңбек етуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, сот прокуратура атына жеке ұйғарым шығарып, жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін тексеруді тапсырды, олардың заңды бұзу белгілері бар-жоғы анықталатын болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Асылхан Төлеповтың қарындасы екінші рет тұрмысқа шықты (ВИДЕО)

Коллаж: Видеодан алынған кадр 

Танымал актер Асылхан Төлеповтың қарындасы Айдана Төлепова тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақгшасында жариялады.

Айдана Төлепова бұрын тұрмыста болған. Алайда көп ұзамай ажырасып кеткен. Жақында сүйіктісі оған Түркияның Стамбул қаласында ұсыныс жасады.

Сырғалым атанып, қайта ұзатылды.

Оқырмандардың бірі бақыт тілесе, енді бірі сынға алуда.

 

«Тағдыр ғой енді қайтсын. Бағы ашылсын», «Бақытты болсын», «Түсінбедім өткен жылы ғана ұзатуын жасап еді ғой», «Екінші рет шығып жатыр ма?», — деп жазды жұрт.

 

Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Фото: gov.kz, СІМ

Неміс тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара құрмет, сенім мен сындарлы диалогқа негізделген қазақ-герман қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ министрлер саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін растады.

Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлиннің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге келісті.