All posts by qazaqtoday

Салтанат Бақаева отаға түскенін мәлімдеді

Танымал актриса әрі әнші Салтанат Бақаева аз уақытты қалай салмақ тастағанын айтты.

Актриса ауыз қуысына ота жасатқаннан кейін бірнеше күн нәр татпағанын жасырмады.

«Көптің сұрауы бойынша қалай азғанымды айтамын деп шештім. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші жақында тісіме ота жасалғанын айтқан болатынмын. Ота болған соң кескен жерлерін лескамен тіккен болатын… Леска өздеріңіз білесіздер үшкір болып келеді, ауыздың нәзік терісіне пышақ тыққандай сезілді… Соның салдарынан жарты ауызым стоматит болып 10 күндей ауызыма тамақ алмадым. Сондықтан азудың бір ғана амалы ол тамақ ішпеу екен қыздар!», — деді Салтанат Бақаева.

 

Жел күшейіп, тұман түсіп, үсік жүреді: Сенбі күнгі ауа райы болжамы

18 қазан күні Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райы жағдайлары сақталады: жел күшейіп, тұман түсіп, үсік жүруі мүмкін. Сонымен қатар, республиканың көп өңірінде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 18 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 18 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 18 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 18 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 18 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 18 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 18 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 18 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 18 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

«Анам үйге қамап қойды»: Атырауда жасөспірім көмек сұрады

Фото: видеодан скрин

Атырауда жасөспірім анасының өзіне қатыгездік танытып жүргенін айтып, қазақстандықтардан көмек сұрады. DAS Media таратқан бейнежазбада бала көзіне жас алып, үйден шығуға тыйым салынғанын, тіпті ресми түрде қатысып жүрген үйірмелерге де баруға болмайтынын айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

 

«Анам мені үйден шығармайды. Тіпті мен қатысып жүрген үйірмелерге де баруға рұқсат бермейді. Ол мені бұрынғы сожителінен бірдеңе ұрлады деп айыптайды. Бірақ мен ештеңе ұрлаған жоқпын, өйткені үйдің бәрінде камера орнатылған», — дейді жасөспірім.

 

Баланы бұрынғы сожителі мен анасының арасындағы жанжалдың ортасында қалдырған. Оның сөзінше, ер адам бұған дейін өзін және қарындасын бірнеше рет ұрып-соққан. Ал туған әкесі Атырауда тұрса да, көмек көрсетуден бас тартқан.

 

«Әкем бар, бірақ сенімхат бергісі келмейді. 10 қазанда мен қарындасыммен бірге қамқоршылық органдарына бардық. Бірақ олар “бұл — жеке отбасылық мәселе” деп жауап берді», — дейді бала.

 

Желі қолданушылары оқиғаның мәніне бейжай қарамады. Комментарийлер астында жүздеген адам «анасы баласының сөзін тыңдамай, өз баласына сенімсіздік танытты», «балаларды серіктерге айырбастайтын аналар көбейді», «қамқоршылық органдарының әрекеті масқара» деген пікірлер қалдырған.

Бейнежазба тарағаннан кейін қоғам өкілдері мен белсенділер бұл жағдайға Білім министрлігі мен қамқоршылық органдары дереу араласуы тиіс екенін айтып, тексеру жүргізуді талап етті.

Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: ҚМА

Телефон және интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырып отыр. Агенттіктің хабарлауынша, алаяқтар ресми орган атынан хабарласып, өзін «заңгер» не «тексеруші маман» деп таныстырады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Хабарлама жіберген соң «сіз қызмет ететін ұйымға қатысты тексеру басталғанын» айтады.

 

«Алайда агенттік мұндай хат жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. ҚМА шот нөмірін, SMS-код пен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейді», – делінген ақпаратта.

 

Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан жалған хаттар таратып, қызметкерге мінездеме немесе басқа ақпарат беруді сұрайды.

Тіпті WhatsApp арқылы сол ұйымның басшысы мен есепшісінің атынан хат жазады. Басшылардың фотосы мен аты-жөнін пайдаланады.

 

«Бұл адамды адастыруға себеп болады. Хабарламалар кейде мемлекеттік тілде жазылады. Кейін «заңгер» ретінде хабарласып, «құпия ақпарат» екенін айтып, құқық қорғау органдарына айтуға тыйым салады», – делінген ақпаратта.

 

Хабарласқан бейтаныс адамдар жан-жақтан бір мезетте қоңырау шалып, хабарлама жібереді. Бұл адамның қорқыныш сезімін тудырады. Адам ойланып үлгермей әрекет етеді.

 

«Жәбірленушіге банкке дереу бару және көрсетілген нұсқауларды орындау қажет делінеді. Салдарынан азаматтар жинаған ақшасын шешіп, алаяқтарға жібереді. Әдетте зейнет жасындағы адамдарға жиі хабарласады», – деп хабарлайды агенттік.

 

    • Мамандар мұндай жағдайда ең алдымен сабыр сақтауға шақырады. Әңгімені сол жерден тоқтатып, тіркелу қажет делінген сілтеме арқылы өтпеуді ұсынады. Сондай-ақ ешкімге ақша аудармау қажет.

 

    • Содан кейін жұмыс орныңыздағы бухгалтерия немесе заң бөліміне хабарласып, осындай хат келген-келмегенін нақтылаған жөн.

 

    • Хабарласқан нөмірді сақтап, ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлау керек.

 

Жыл басынан бері елімізде 16 500-ден астам интернет алаяқтық дерегі тіркелді. Былтыр 22 500-ден аса жағдай анықталған.

 

Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тың әрі ресми жаңалық жария болды

Фото: РБК

Мұндай тосын деректі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. Ол соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты ресми түсінік беріп өтті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, Сара Алпысқызы бірнеше айдан бері ем алып жатыр.

– Сара Алпысқызы Назарбаева сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай және отандық мамандардың бақылауында жүзеге асырылып жатыр, – деді Айдос Үкібай.

Ол көпшілікті Сара Назарбаеваға байланысты тексерілмеген ақпаратты таратпауға, негізсіз пайым жасамауға шақырды.

«Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын» деп қоса кетті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы.