Сәбиді ата-анасы үй жағдайында емдеймін деп өлтіріп алған
Мәскеуде қайғылы жағдай орын алды: бір жасар қыз бала желшешек ауруынан көз жұмды. Ата-анасы сәбиді үй жағдайында емдейміз деп, ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат көзі хабарлайды. Аурудың басталуы: жоғары температура 15 желтоқсан күні сәби жоғары температурамен Химки қаласындағы аурухананың инфекциялық бөліміне жеткізілген. Алайда, SHOT ақпарат көзінің мәліметінше, ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартып, тиісті өтініш жазған….
