«10 млн теңге несие рәсімдеген»: Жезқазған тұрғыны телефон алаяқтарының құрығына қалай ілінгенін айтып берді
Жезқазған қаласының тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбанына айналды. Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған күдіктілер әйелді 10 сағат бойы телефон арқылы «терроризациялап», оның атына 10 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Қылмыстық оқиғаның хронологиясы Оқиға 56 жастағы әйелге «Қазпошта» қызметкерімін деп таныстырған адамның қоңырау шалуынан басталған. Ол әйелден сәлемдемені жеткізу үшін төрт таңбалы кодты айтуды сұраған. Алдаудың…
