«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: экологиялық науқан басталды
1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды экологиялық науқан өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қала тазалығын қамтамасыз ету арқылы оның экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Бұл туралы qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Науқан барысында әр аптаға арнайы іс-шаралар…
