Қарағандыда кәріз суы өзенге құйылып жатыр: тұрғындар бірнеше жыл бойы иіске тұншығып отыр
Фото: Видеодан кадр Қарағанды облысының Курьянов елді мекенінің тұрғындары бірнеше жыл бойы шешілмей келе жатқан экологиялық мәселеге шағымданып отыр. Олардың айтуынша, Орал көшесіндегі кәріз жүйесінде болған ақаудан соң лас су үнемі өзенге ағып, Веснянка өзенін ластап келеді. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл жағдай бір-екі апта емес, бірнеше жыл бойы қайталанып келеді. Кәріз суының иісі төңірекке тарап,…
