Журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті
Журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түсті. Ulysmedia.kz дереккөзінің мәліметінше, оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр. Диас Ахметшәріп 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып еңбек жолын бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі болып қызмет етті. Ол мемлекеттік «Қазспорт» телеарнасының алғашқы…
