qazaqtoday

Зеленский Өзбекстан компанияларына қарсы санкциялар енгізді

Украина президенті Владимир Зеленский Өзбекстанда тіркелген бірқатар компанияларға қатысты санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шешім Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) қаулысы негізінде қабылданды. Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды. Жарлық аясында барлығы 74 заңды тұлға мен 58 жеке тұлғаға санкциялар енгізілді. Шектеу шаралары негізінен Ресейдің металлургия, машина жасау, авиация және химия…

Толық оқу

Ақын Темірхан Медетбек дүниеден өтті

Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан халық жазушысы Темірхан Медетбек көз жұмды. Ақын 81 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл суық хабар туралы ақын Қасымхан Бегман әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады.   «Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген, ұлттың асқақ рухты ұлы ақыны Темірхан Медетбек дүниеден өтті. Қаршадайымнан өлеңдерін оқып, қасына ерген асыл ағам, Қазақстанның халық…

Толық оқу

Путин Тоқаевқа әкесінің Кеңес Одағының Батыры атағын бергені үшін марапат парағын табыс етті

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің архивінен алынған әкесі – гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапат парағын табыс етті. Құжатқа сәйкес, Кемел Тоқаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ оған берілмеген. Ол Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Толық оқу

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

Олимпиада жүлдегерінің байлығы 93 миллион долларға жеткен 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Серік Қонақбаев Forbes Kazakhstan-ның жаңартылған рейтингіне еніп, елдегі ең бай 75 кәсіпкердің ішінде 73-орын иеленді. Басылым оның байлығын 93 миллион доллар деп бағалап отыр. Forbes деректері бойынша, Қонақбаев «SSM Oil» ЖШС-нің акционері және «K-Global Invest» ЖШС арқылы аталған компанияның 60% үлесіне иелік…

Толық оқу

Зеленский Украинаның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қосқан үлесі туралы мәлімдеме жасады

8 мамыр, бейсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский нацизмді жеңу және еске алу күніне орай украин халқына үндеу жасады. Киевтің орталығындағы Крещатик көшесінде жазылған сөзінде Зеленский 80 жыл бұрын нацистік Германияны жеңудегі Киевтің рөлін атап өтіп, оны бүгінгі Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысымен салыстырды, деп хабарлайды Qazaq.today «Украинская правдаға» сілтеме жасап. Зеленский Ресейдің «зұлымдық»…

Толық оқу
Яндекс.Метрика