Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот: Тоқтаубаевтардың адвокаттары ауысты
Шерзат Полат ісі бойынша сот процесінде өзгеріс: ағайынды Тоқтаубаевтардың адвокаттары ауысты. Бұл туралы Qazaq.today хабарлайды. Алматыда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Отырыста басты жаңалық – сотталушылар Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтардың жаңа қорғаушылары өздерін таныстырды. Атап айтқанда, Азамат Тоқтаубаевтың адвокаты ретінде Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Нұрсұлтан Досжанов, ал Нұрбол Тоқтаубаевтың қорғаушысы…
