Алматының жаңа әкімі тұрғындарға үндеу жасады
Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарына үндеу жасап, желі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today. Дархан Сатыбалды Алматының әкімі ретіндегі алғашқы жұмыс күні мемлекет басшысының қабылдауынан басталғанын жазған. «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламыздың болашағына қатысты бірқатар маңызды тапсырма жүктеді. Тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу мен экономиканы әртараптандыру…
