qazaqtoday

«Сені халық қорғамаса, 362 оққағарың да қорғай алмайды!» — Ақсақал Маңғыстау әкімін сынап, дүрсе қоя берді

Фото: СЦК Маңғыстау облысында өткен халықпен кездесуде жергілікті ақсақал өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайға ашық сын айтты. Куәгерлердің айтуынша, әкім спорт кешенінде өткен жиынға келгенімен, акт залына жиналған тұрғындармен және ақсақалдармен амандаспай, бірден өз бағытына өтіп кеткен. Бұл әрекет залдағы жұрттың наразылығын туғызды. Сонда мінберге шыққан ақсақал ашуға беріліп, әкімнің мінез-құлқына реніш білдірді: «Әкім деген халықпен…

Толық оқу

Таразда жаңа автобусты көп күткен халық қоғамдық көлікке шашу шашты

Фото: Видеодан кадр Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында жаңа автобустардың іске қосылуы елді қуантты. Бірақ күтпеген сәт ел назарын аударды: автобусқа мінген апашка сөмкесінен кәмпит алып, жүргізуші мен жолаушыларға шашу шашты. Көңілді көрініс желіде лезде тарады. Көпшілік «міне, нағыз қазақы қуаныш осындай болады» деп жылы пікір қалдырды. Кейін белгілі болғандай, тәтті таратқан апашка Жаңаөзеннен келген қонақ…

Толық оқу

«Құм төсеп кеткен бе?!»: Петропавл – Долматово тасжолындағы “жөндеу” халықтың ашуын туғызды

Фото: Видеодан кадр Қызылжар ауданының тұрғындары Петропавл–Долматово бағытындағы жолдың сапасына наразы. Олар айтуынша, көптен күткен жөндеу жұмыстары қайтадан көзбояушылықпен аяқталған. Бірнеше күн бұрын жұмысшылар шұңқырларды тазалап, жол жиегін ретке келтіріп, жұрт «енді жөнделеді» деп қуанған. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады — 16–17 қазан күндері жолға құрғақ, асфальтқа ұқсас материал себіліп, еш тапталмай қалдырылған. Тұрғындардың бірі ашынып:…

Толық оқу

Өскемен әкімдігі немқұрайлы: полиция бекетіне пандус жоқ

Фото: Видеодан кадр Өскемен қаласындағы полиция бекетіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар кіре алмай отыр. Ғимарат алдында бірнеше баспалдақ бар, алайда пандус мүлде орнатылмаған. Бұл – қолжетімді орта құру туралы заңның өрескел бұзылуы. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, егер ғимараттың кіреберісіндегі биіктік айырмасы 4 сантиметрден асса, пандус орнату міндетті. Бұл ереже барлық мемлекеттік және қоғамдық нысандарға, соның ішінде полиция…

Толық оқу

«Құландағы апатты үй құлағалы тұр»: тұрғындар жылдар бойы әкімдікке дабыл қағып келеді

Фото: Видеодан кадр Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылындағы Сұлутөр көшесінде орналасқан 14-үй апатты жағдайда тұр. Тұрғындардың айтуынша, бұл үй 70 жыл бұрын салынған, ал бүгінде қабырғалары жарылып, төбесі опырылғалы тұр. Соған қарамастан, әлі күнге дейін мұнда көпбалалы отбасылар мен мүгедек жандар тұрып жатыр. «Үйде су да, жарық та жиі өшеді. Ескі ғимарат құлағалы…

Толық оқу