Мәскеуде Әзербайжандық қылмыс әлемінің серкесі ұсталды
Ресей астанасында «Вагиф Бакинский» лақап атымен танымал Вагиф Сулейманов тұтқындалды. Ол Әзербайжаннан шыққан, криминалдық ортада ықпалды «вор в законе» ретінде белгілі. Вагиф Сулейманов 1965 жылы 15 тамызда Тбилисиде дүниеге келген. Кейін Бакуге, одан соң 1990-жылдары Ресейге қоныс аударған. 2006 жылы Мәскеуде есірткі сақтағаны үшін тұтқындалған. РБК дерегінше, ол бірнеше мәрте сотты болған. 2013 жылы түрмеден шыққан соң, Сулейманов 18 миллион…
