Шавкат Рахмоновтың жұбайы түскен жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: pixabay.com Жамбыл облысында екі адамның өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл апатқа UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан болуы мүмкін деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарауда. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі…
