Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі басталды
Фото: Kazinform Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасау ісі бойынша сот процесі басталды. Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Басты айыпталушы — Ернар Жиенбай, ол бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ін басқарған. Істі судья Әбінұр Қарабаев қарап жатыр. Сот процесі ашық форматта, мемлекеттік тілде өтіп жатыр….
