ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Ділманов бостандыққа шықты
Фото: gov.kz ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Дархан Ділманов бостандыққа шықты. 2023 жылы «билікті асыра пайдаланды» деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырылған ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Дархан Ділманов бостандыққа шыққан. Бұған дейін Дархан Ділмановтың дүние-мүлкі тәркіленіп, генерал-лейтенант әскери атағынан айырылатыны хабарланған. Оған мемлекеттік қызметте істеуге де тыйым салынды. Ол 2022 жылғы маусымда қамауға алынған болатын….
