Шымкентте жасөспірім футболшылар арасындағы төбелес: полиция түсініктеме берді
Фото: Видеодан скрин Шымкент қалалық полиция департаменті Қазақстан чемпионатының 2011 жылы туған футболшылар арасындағы ойында болған жаппай төбелеске қатысты ресми түсініктеме берді. Оқиғаның мән-жайы Қақтығыстың толық себептері әзірге жария етілмеген. Белгілісі, алаңда «Тұран» мен «Екібастұз» командалары кездескен. Әдеттегі спорттық бәсекелестік үлкен жанжалға ұласқан. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жаппай төбелестің болғанын растады және тергеу басталғанын мәлімдеді….
