qazaqtoday

Утиль алымның мөлшерлемесіне қатысты шешім қабылданды

Қазақстан утиль алымы мөлшерлемесі туралы жаңа шешім қабылдады. Толық ақпаратты 23 ақпан күні Экология министрлігі жариялайды. «Тариф мәселесіне келсек, автокөлік және ауыл шаруашылығы техникаларына тарифтер ертең белгілі болады» деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев. Бұған дейін тарифтерді қайта қарау жұмыстары ақпан айының соңына дейін аяқталатыны хабарланған болатын. Олар айтарлықтай төмендейді деп күтілуде….

Толық оқу

“Өжет террорист емес!”. Қаңтар оқиғасында сотталған жігіттің әкесі Тоқаевтан араша сұрады

Қаңтар көтерілісінде алаңға талап айтып шыққан талай азамат істі болып жатқаны баршаға аян. Билік “алаңға шыққандардың арасында лаңкестердің саны басым болды” риторикадан танбай отыр.  Күні кеше Қаңтар дүрбелеңіне қатысқаны үшін 1999 жылы туған екі азамат сотталып кетті деп хабарлайды Dalanews.kz.  Алматы облысы Есік қаласының тұрғындары 22 жастағы Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісханға Алмалы аудандық сотының судьясы…

Толық оқу

Министр Мұхтар Тілеуберді ҰҚШҰ әскерін қолдану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді

«Қазақстан мүше болып табылатын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан Украина шығысындағы сепаратистік республикалар аумағына әскер жіберілуі мүмкін бе?» деген сұраққа Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «жоқ» деп жауап берді. – ҰҚШҰ жарғысы әскер мен бітімгершілік күштерді пайдалануды қатаң шектейді. Олар тек ҰҚШҰ аумағында ғана (оған Ресей, Армения, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мүше – ред.) пайдаланыла…

Толық оқу

DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын тоқтатады

DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын аяқтайтынын айтты. Компания өкілдерінің айтуынша, бұған нарық жағдайларының өзгеруі себеп болған. Такси қызметі 4 наурыздан бастап Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. – Ресейде DiDi іске қосылғаннан бері бір жарым жыл және Қазақстанда іске қосылғанына бір жылға жуық уақыт…

Толық оқу