qazaqtoday

Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет — Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек».

Толық оқу

Қазақстанда жаңа үш облысы құрылады: Абай, Ұлытау, Жетісу

Қазақстанда жаңа үш облыс пайда болды. Бұл туралы Тоқаев жолдауында айтты. «Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», — деді Мемлекет басшысы. «Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған…

Толық оқу

Қапшағайға Қонаев есімін беруді ұсынамын — Президент

«Қапшағай қаласы еліміздің біртуар азаматы Д.Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер тұрғындар қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынса, мен мұны қолдаймын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын» деді Тоқаев

Толық оқу

Тоқаев облыс әкімдерін тағайындау жүйесіне өзгеріс енгізді

  Бүгінгі жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындау туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. «Президенттің облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері қызметіне кемінде екі кандидат енгізу құқығын регламенттейтін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет. Осылайша, президент мәслихаттардағы қарау нәтижелерін ескере отырып, облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайтын болады»…

Толық оқу

Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады — Президент

Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті. «Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді», -деді Президент. Тоқаев: «Біз соңғы жылдары Қазақстанды түбегейлі…

Толық оқу