Бүгін «Караван» газеті мен 365info.kz сайты жабылатыны белгілі болды. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваға тиесілі екі басылымның жабылатыны туралы ақпаратпен Выход к правде TELEGRAM-арнасы бөлісті.
Еске салсақ, бұған дейін Дариға Назарбаева өзінің медиа-империясының тағдырын шешу үшін өзінің барлық қол астындағы қызметкерлері мен серіктестерін жинаған.
Оған КТК, 1-канал Евразия, НТК, Zakon.kz, 356.info, Retro FM, Europe Plus Қазақстан және басқа да отандық медиалар тиесілі.
Әзірге басылымдар ашық ресми мәлімдеме жасаған жоқ!
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік желілерде Ұлттық музей басшылығына қатысты пікір жазғанын жоққа шығарды.
Айтуынша, белгісіз азаматтар оның атынан пікірлер қалдырған.
«Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық музейінің басшылығына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмысы туралы ақпаратқа байланысты интернет желісінде, әлеуметтік желілерде белгісіз азаматтар менің атымнан пікірлер қалдырғаны мәлім болды», — деді ол.
Сондай ақ интернеттегі бұл пікірлер мен ақпаратқа ешқандай қатысым жоқ екенін ресми түрде мәлімдегім келеді.
«Бұл жағдай менің іскерлік беделіме нұқсан келтірді. Авторды анықтау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті құқық қорғау органдарына менің атымнан тиісті өтінім жолданды», — деп жазды Ақтоты Райымқұлова.
Бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің елордадағы мүлкін сату жөніндегі келіссөздері туралы журналист Махамбет Әбжан хабарлады.
Экс«Папиндікі болмаса, Маминдікі. Әңгіме кем дегенде «Евразия» сауда орталығы, бес саяжай, Көкталдағы үй және астанадағы ауданы 100 гектарға жуық көп жер телімдері туралы болып отыр» деп жазды Әбжан Telegram-да.
Ол сонымен қатар қазір Асқар Мамин Нұр-Сұлтанда екенін еске салды.
Айта кетсек, бір күн бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маминге қатысты қылмыстық іс жоқ екенін айтқан.
Еске салсақ, 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Одан кейін елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына арналған кеңес барысында ҚР бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин отставкаға кету туралы өтініш бергені белгілі болды. Ол 2019-2022 жылдар аралығында Министрлер кабинетінің басшысы қызметін атқарған.
Атырау қаласындағы Абай атындағы орталықта STEAM JasSpace жастар мен жасөспірімдерге арналған кеңістік ашылды.
Атырау — 17 мамыр. Абай атындағы орталықта STEAM JasSpace жасөспірімдер мен жастарға арналған кеңістіктің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара «JasSpace: Атырау қ. жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Атырау облысы әкімдігі, Облыстық білім беру басқармасы, «Шеврон» компаниясы, және «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға орайластырылды.
Бағдарламаның мақсаты – JasSpace кеңістігінің айналасында STEAM бағыттары бойынша жастарды оқытуды қамтамасыз ететін және осы салалардағы кәсіптердің танымал болуына ықпал ететін экожүйені құру.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Таушов Нариман Бахытұлының айтуынша, бұл орталық ел мен қоғамның дамуында ғана емес, сондай-ақ кейінгі ұрпақтарды тәрбиелеуде де үлкен рөл атқарады. «Облыс әкімінің атынан, қоғам атынан «Шеврон» компаниясына осы орталықты құруға тікелей қатысқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Атырау облысының балалары мен жастары Абай орталығының JasSpace кеңістігінде жаңа технологияларды меңгереді және болашақта осы жоба аясында дайындықтан өткен жастар техникалық білімді қажет ететін аймақтың ірі мекемелерінің жұмысына ықпал етеді деп үміттенемін», – деп толықтырды Таушов мырза.
STEAM JasSpace кеңістігі – бұл жастар мен жасөспірімдерге арналған инновациялық жобалар мен бағдарламалар алаңы. STEAM бойынша білім беру ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM – Science, Technology, Engineering, Art and Mathematics) сияқты салаларда бір уақытта дағдыларды дамыта отырып, оқытудың интеграцияланған және пәнаралық әдісіне негізделген.
«Шеврон» компаниясы Абай атындағы орталықтың құрылысына қатысты. Енді орталықта STEAM білім беруді дамытуға көмектесу – біз үшін үлкен мәртебе. «Шеврон» бірқатар білім беру, кәсіби және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырады. Осындай бағдарламалардың бірі – STEAM JasSpace. Жоба Атырау қаласының жастары мен балаларына пайдалы болып, техникалық дағдыларға үйрететініне және заманауи еңбек нарығында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыратынына сенімдімін», – деп атап өтті «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесі басқарушы директорының міндетін атқарушысы Марк Пэйн.
Бағдарлама «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асырылады және STEAM бағдарламасы бойынша мектеп оқушыларын оқытуды, сондай-ақ STEAM бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстары арқылы Атырау облысы педагогтерінің әлеуетін кеңейтуді қамтиды. Бағдарламаны Орталық Азияның Еуразия Қоры Абай атындағы орталығымен, Атырау облысының әкімдігімен және жергілікті ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады.
«Біздің Қордың міндеттерінің бірі – STEAM бағыттары бойынша Абай атындағы орталықтың оқытушыларының біліктілігін, Атырау облысының жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің әлеуетін арттыру және Атырау облысының оқушылары мен жастарына STEAM бағыты бойынша қосымша білім беруді ұйымдастыруға көмек көрсету болып табылады», – деп атап өтті Орталық Азияның Еуразия Қорының директоры Ринад Темірбеков.
Бағдарлама елорданың, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарының автотұрақтарына қолданылмайды.
Утиль алым ақысының 30 млрд теңгесі аймақтардағы көлік паркін жаңартуға бағытталады. Қазақстан үкіметі лизингтік қаржыландыру шарттарын бекітті – 30 жылға дейін және жылдық 1%-дан аспайды.
14 мамырда Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет РОП операторының шоттарынан қамауға алуды алып тастап, «Жасыл Даму» АҚ есепшотына бірден 198 млрд теңге аударды. Ол жерден қаржы жеңілдетілген автокөлік несиесі мен автобустарды лизингтік қаржыландыру үшін банктерге жіберілді.
Оның 100 млрд-ы жеңілдетілген автонесие бағдарламасына, тағы 30 млрд-ы өңірлердегі автопаркті жаңартуға жұмсалатыны белгілі. Қалған қаржы әлеуметтік жобаларға кетеді.
Несиені беру мерзімі келісім-шарт немесе несие сомасын ұлғайту туралы қарыз шартына қосымша келісім жасалған күннен бастап 18 айға дейін.
Валюта – теңге.
Негізгі қарызды өтеу – мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу құқығымен мерзімінің соңында.
«Автобустарды жалға алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатқа ие. Қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер автобустарды жалға алушылармен жаңа қаржылық жалдау шарттарын жасасуға жұмсалады» деді Индустрия және инновациялық даму министрлігі.
Бағдарлама елорданың, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарының автотұрақтарына қолданылмайды.
«Автобустарды жалға алушылардың қаржыландыруға мақұлданған өтінімдері болмаған жағдайда, олар келіп түскен күннен бастап немесе олар револьверлік негізде қайтарылған күннен бастап бір жыл өткен соң, ұйым автобустарды жалға алуды жүзеге асыратын автобустарды жалға алушыларды қаржыландыруға құқылы» деп мәлімдеді министрлік.
2022 жылдың қаңтар айының соңында Индустрия және инновациялық даму вице-министрі Марат Қарабаев РОП операторының шотындағы ақшаны бастапқы жарнасыз тұрғындарға жылына 4 пайызбен автонесие алуға пайдалануға болатынын айтты.
Сәуір айының ортасында министрлік көлік құралдарын жеңілдетілген несиелеудің негізгі шарттары, содан кейін қосымшалары туралы хабардар болды. Алғашында қазақстандықтар 1 мамырдан бастап көлікті тіркей алады деп айтылса, кейін бұл мерзім 16 мамырға ауыстырылды. Себебі қарапайым – несиелеуге арналған РОП операторының шотындағы ақшаны 14 мамырда ғана жабуға болады.