All posts by qazaqtoday

ШЫҰ мүше мемлекеттер өзара әріптестікті күшейту бағытында меморандумдарға қол қойды

Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» туристік форумының екінші күні басталды. Халықаралық туризм, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, сондай-ақ туризм және мәдени мұра саласы бойынша ғылыми-техникалық әріптестіктің аясын кеңейтудің мәселелері сөз болған форумның екінші күні ШЫҰ-на мүше елдер арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қоюмен жалғасуда.

ШЫҰ-на мүше елдердің бір бірін қолдауда мүмкіндігі зор екенін атап өткен Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов «ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің, бақылаушылар мен серіктестіктердің мәдени мұрасының жалпы саны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының 207 нысанын құрайды. Олардың туризмді дамытуда айрықша маңызы бар және ғасырлар бойы әлемнің әр түкпірінен туристерді тартып отырады. Сол себепті ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің туристік қоғамдастығымен әріптестік байланысты, туристік өнімді ілгерілетуді, имидждік қолдауды және туристік ресурстарды қорғауды күшейте түсу қажет, сондай-ақ бар күшімізді ШЫҰ-ның ішкі туризмін дамытуға жұмсауымыз керек.

Өзбекстан ежелден бүкіл дүние жүзі саяхатшыларының назарын аударып, тартымды да қызықты бағыттардың бірі ретінде шетелдік басылымдардың мойындауына ие болған Ұлы Жібек жолының орталығы болып табылады. Елде 8,4 мың мәдени мұра нысаны бар.

Олардың ішінде 209-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы нысандарының тізіміне енген төрт музей-қаланың құрамында. Олар Хиуа қаласындағы «Ичан Қала», «Бұхара қаласының тарихи орталығы», «Шахрисабз қаласының тарихи орталығы» және «Самарқанд – мәдениеттің қиылысы» дейді.

Мәскеудің мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды

Ресейдің Сыртқы саясат мұрағатында XVII-XIX ғасырларда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған.

Мәскеудің мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды. Ресейдің Сыртқы саясат мұрағатында XVII-XIX ғасырларда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Ж.Болдықов бастаған топ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен Ресейдің Мәскеу қаласына барған. КТК арнасының мәліметінше, «Архив-2025» жоспарын іске асыру мақсатындағы іссапарда мамандар ондағы архивтер мен кітапханалардағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелген.

– Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттарды тапқан. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік кітапханасынан ел тарихына қатысты 47 мыңға жуық әдебиет алынса, Ресей мемлекеттік тарихи-көпшілік кітапханасынан ХVII ғасырға тиесілі литографиялық кітаптар мен сирек жазба мұралар анықталды. 4 ғасырлық тарихы бар Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінің қорын зерттеу барысында жер мәселесіне қатысты құжаттар, карталар мен бұйрықтар белгілі болды. Ал Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған, – делінген ведомство хабарламасында.

«Анасына хабарлама жіберіп үлгерген»: елордада тағы бір жасөспірім қыз педофилдің құрбаны бола жаздады (ВИДЕО)

Елордада қоғамдық көлікте 12 жастағы жасөспірім қыз өзіне бейтаныс адамның жақындап жабыса бастағанын байқап, дереу анасына хабарлама жазып жіберген. Бұл сұмдық жағдай туралы оның анасы Қарлығаш Оңғарова айтып берді, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі sn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін, 2022 жылдың 19 мамырында, бұл есуас менің кәмелетке толмаған қызыма тиіспек болған. Бәтес ұзын бойлы болғанымен, әлі бала ғой, ол небәрі 12 жаста.
Әлгі есуас автобуста оған жақындаған. Тіпті қызымның жамбасына жабысқан. Бәтес кетіп қалған, ол тағы жақындап, оған қайтадан қолын тигізе бастаған.
Мұндай жағдайлар миллиондап кездеседі, бірақ көпшілігі бұған мән бермейді. Мұны қалыпты жағдай деп есептейді. Зорлаған жоқ қой, онда тұрған не бар деп ойлайды. Мәселе осындай немқұрайлылықта. Бүгін ол қоғамдық көлікте абайсызда интимдік жерлерге қол тигізіп қалса, ертең қараңғы подъезде балаңыздың іш киімін шешпесіне кім кепіл?
Бәтес маған бірден жазды. Ол қорқып, көмек сұрады. Оның жазған хабарламасынан «педофил» сөзін оқығанда, есеңгіреп қалдым, артынша ес жиып, үйде екенімді түсіндім. Жақын жерде болса да автобуста ғой. Мен лифтімен төмен түскенше байланыс жоғалады, ал осы уақыт ішінде әлгі есуас арам ойын іске асыруы мүмкін ғой.
Бірден Бәтеске бейнебайланысқа шығып, телефонның дауысын қатты шығарып, мен әлгі адамның түрін көретіндей, камерадан оны көрсетуін сұрадым. Оны түсіріп алып, «МЕНІҢ ҚЫЗЫМНАН ӘРІ ЖҮР! КЕТ! Есуас, мен сені камераға түсіріп тұрмын, тауып аламын. Адамдар, көмектесіңдер! Ол менің балама жабысып жатыр!» деп айғайладым. Ол менің бұл әрекетімнен қорықса керек, бетін жауып алып, бізге «жындымысыңдар?» дегендей қарады. Мен уайымдап, толқығаннан оның не айтқанын толық ести алмай қалдым.
Ол Бәтеске бармағанына көзімді толық жеткізгеннен кейін оны күтіп аламын деп жүгіріп шықтым, полицияны да шақырып қойдым.
Біздің жетілмеген заңымызда бұл үшін ешқандай шара қарастырылмаған. Егер полиция оны тапса да, оған ештеңе болмайды. Бірақ мен сіздердің әрқайсыларыңыз оның автобустардағы кішкентай қыздарға зиян тигізетінін білгендеріңізді қалаймын. Қыздарыңызды одан қорғаңыздар. Мұны барлығына таратыңыздар. Барлығы осындай есуастың түрін танып біліп жүрсін.
Мен автобустағы адамдардан Батеске көмектесулерін сұраған кезде, ешкім тіпті бұрылып та қарамады. Адамдар, сіздерге не болған?!», — деп жазды Қарлығаш Оңғарова өзінің Instagram парақшасында.

«Әзірге есептеп жатырмыз»: Еңбек министрі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі қай деңгейде қаралып жатқаны туралы айтты. Сөзінше, қазір белсенділер мен министрлік өз ұсыныстарын енгізген, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Біздің ұсыныстар белсенділерге де ұнады, сондықтан жұмыс тобымен бірге есептеп жатырмыз. Әр әлеуметтік қолдауға қаржы керек екенін білесіздер. Біз үзіліс алып, есеп жүргізген, тиімді нұсқаны таңдайтынымызды айттық. Нақтыланған соң ақпарат береміз», – деді Тамара Дүйсенова сенат кулуарында.

Тамара Дүйсенова әйелдерден бөлек тағы қай азаматтар категориясының зейнет жасы төмендейтінін айтты. Сөзінше, жинағы жетсе, кез келген азамат 50 жастан кейін зейнетке шыға алады.

«Қазіргі заңда азаматтардың 50 жастан кейін де зейнетке шыға алауы қарастырылған. Алайда зейнет жинағына қатысты сұрақтар бар. Біз бұларды қарастырып жатырмыз», – деп нақтылады министр.

Айта кетейік, бұған дейін Нақтыланған республикалық бюджет туралы заңға президент қол қойғаннан кейін, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қосымша 4%-ке индексацияланатыны туралы хабарлаған едік.

Азиз Абдухакимов: «Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет»

Ташкентте өтіп жатқан «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумында туристік индустрия өкілдері туризм саласының мүмкіндігін ортаға салып, алдағы уақыттағы біріккен жоспарларын да талқылады.

Осы орайда Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов «Туристік саланы ұлттық экономиканың маңызды сегменті және мемлекеттің бәсекелестік қабілетін арттырудың стратегиялық ынталандыруы ретінде қарастыратын мемлекеттер саны жыл өткен сайын артып келеді.

Ел басшылығының белсенді әрі жан-жақты қолдауының арқасында Өзбекстанның туристік нарығы халықаралық туристерге құшағын кеңінен жаюда. Қысқа мерзімнің ішінде визасыз елдердің саны 9-дан 92-ге дейін өсті, ал шетелдік туристердің саны 2019 жылдың өзінде 1,9 млн-нан 6,7 млн-ға дейін артты. Өз кезегінде СOVID-19 пандемиясы туристік секторға теріс ықпалын тигізгенмен, бізге туризмді қауіпсіз және тұрақты туризм тұрғысынан дамыту үшін қайтадан ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық сарапшылармен бірлесіп, туристік өнім мен қызмет ұсынудың барлық буынына мұқият талдау жасадық.

Туристік көрсетілім нысандарындағы қауіпсіздіктің жаңа, тиімді хаттамаларын дайындадық. Қабылданған шараларға жоғары баға беріліп, халықаралық рейтингтерден орын алды. Мысалы, «Gallop» Өзбекстанның қауіпсіз туризм бойынша үздік тоғыз (ТОП-9) елдің қатарына енуге мүмкіндік берді. «New York Times», «Guardian», «Independent», т.с.с. әлемнің жетекші басылымдары біздің туристік дестинацияларымызды тартымды да қызықты бағыттар ретінде мойындады» дейді.
Сондай-ақ ШЫҰ елдерімен туристік қарым-қатынастарды әрі қарай да дамытуға басымдық берілетіні атап өтіліп, «ғаламшардағы халықтың 44%-ын қамтитын ШЫҰ кеңістігі – әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған орасан зор туристік нарық. 2019 жылы ШЫҰ елдерінен 250 млн турист шетелде демалды (Үндістан 27 млн, Қытай 155 млн, Өзбекстан 1,7 млн, Қазақстан 206 мың, Тәжікстан 31 мың, Ресей 20 млн). Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет» дейді.