qazaqtoday

Алматыда қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар қыздың муралы пайда болды

Мурал 3 маусымға қараған түні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында пайда болған. Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде оққа ұшып көз жұмған 4 жасар қыздың муралы пайда болды. Кішкентай Айкөркемнің бейнесінің жанына «Қай аға мені атқан?» деген жазу мен #qazaqkoktemi және #qandyqantar хэштегтері жазылған. Іnbusiness.kz порталының жазуынша, мурал 3 маусымға қараған түні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында,…

Толық оқу

Біз әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырамыз – Ресейдегі Қазақстан елшісі

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Украина мен Ресейді әскери іс-қиымлды тоқтатуға шақырды.  Көшербаев әскери жанжал салдарынан екі тараптан да адамдар мерт болғанын айтып өтті. Егер әрі қарай жалғасса, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы алып келетінін атап өтті. «Біздің мемлекет халықаралық мәлелелерді БҰҰ халықаралық құқықтары мен қағидалары негізінде бейбіт жолмен шешуді қолдайды. Осы себепті біз…

Толық оқу

Мектептегі мұқтаж балаларға ақша берілуі мүмкін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке әлеуметтік осал топтарға форма емес, ақша беруді ұсынды. Бұл туралы министр Facebook-парақшасында жазды. Министрдің айтуынша, «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуге бастама жасалған. Аймағамбетов қандай өзгерістер болатынын түсіндіріп берді. «Қазіргі күні «Жалпыға бірдей білім беру» қоры халықтың әлеуметтік осал топтарына…

Толық оқу

Шымкент дәріханасындағы жарылыс қасақана жасалған болуы мүмкін

Шымкенттегі ауруханааралық дәріханадағы жарылыс әдейі жасалған болуы мүмкін. Алдын ала болжам ретінде ұсынылған бұл нұсқаны төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жоққа шығармайды. Оның айтуынша, жарылыс себебі ретінде екі нұсқа қарастырылуда. «Онда дәрілік заттарды өндіруге көп мөлшерде химиялық заттар сақталғандықтан, сутегі асқын тотығы да  себеп болуы ықтимал» дейді.

Толық оқу

«Ақшаны өз аяқтарыңмен алып келіңдер!»: мұғалімдер чатындағы жанжал қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, чатта белгісіз әйел курсқа барлық мұғалім қатысуға міндетті екенін, тізімді тексеретінін, ақшаны қолма-қол алып келу керектігін, 215 мұғалімнің 124-і ақылы жазылғанын айтады. «Ешқандай банк картасымен емес, төлемді өздеріңмен бірге алып келіңдер. Қатыспайтындар директордың қолы қойылған түсіндірме хат әкеліңдер», — дейді әйел….

Толық оқу
Яндекс.Метрика