Нарынқолға барар жол қашан жөнделеді?
Республикалық маңызы бар «Кеген-Нарынқол» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 89 шақырымды құрайды. Кеген, Райымбек ауданының тұрғындары қысы-жазы жол азабын тартып келе жатқанын айтып отыр. Олар жауапты мекемелерден тас жолдың тақтайдай тегіс төселуін талап етті. Әсіресе, ауыр жүк көлігін тізгіндеген кәсіпкерлер мен такси жүргізушілері жауапты мекемелердің өзі осы жолмен күнделікті қатынап көруін ұсынды. Жергілікті тұрғындар нашар жолдан…
