Батыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студенттің өлі денесі табылды
Осыдан 3-4 күн бұрын жоғалып кеткен студенттің өлі денесі Жайық өзенінен табылды, – деп жазады Tengrinews.kz. Студент 18 жастағы Ерасыл Төлеуғали Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында жоғалып кеткен еді. «25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидің денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен тапты. Ол суға киіммен түскен» делінген хабарламада. Колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына барып,…
