qazaqtoday

Алматыда тағы да жол апаты: көлік төңкеріліп қалды

Фото: cmn.kz Алматының Бостандық ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Оқиға Розыбакиев көшесінде болған. Haval маркалы көлік ауладан басты жолға шыққан сәтте, сол бағытта оңтүстікке қарай келе жатқан Nissan автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін көліктердің бірі жол ортасында аударылып түсті. Полицияның мәліметінше, Haval жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Толық оқу

«Мәселелер адам жазылғанын күтпейді»: Руслан Берденов неге Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен бас тартты?

Фото: Шымкент әкімдігі Respublica партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Берденовтың отставкаға кету себебін түсіндірді: «Бұл – мемлекеттік лауазым, жергілікті атқарушы биліктегі жауапты қызмет. Онда күн сайын шешімін күтетін сансыз мәселе туындайды. Ал Руслан 3-4 ай бойы ем алып жүрді. Әрине, проблемалар оның жазылуын күтіп тұрмайды. Сондықтан ол – елін сүйген, адал азамат ретінде орнын…

Толық оқу

Көпбалалы отбасыларға қосымша көмек тоқтатылуы мүмкін

Фото: istockphoto.com Қазақстанда тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қосымша әлеуметтік қолдау берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Министрдің сөзінше, өзгеріс заңды төлемдерге әсер етпейді. Мәселен, 10 баласы бар отбасы мемлекеттен ай сайын әр балаға 15 мың теңгеден, жалпы 150 мың теңге ала береді. Бірақ қосымша қолдаулар — мерекеге орай…

Толық оқу

«Өле қал осыны естігенше»: Блогер Ырысбала Бағдагүл емшіні орнына қойды

«Құдайдың қолын ұстап тұр ма едің?». Коллаж: sn.kz Блогер Ырысбала Икрамбай өзін тексеруде талап еткен ақтөбелік сынықшы Бағдагүлге үн қатты. Елдің бәрі сенен қорқады деп ойлайсың ба? Құдайдың қолын ұстап тұр ма едің? Біріншіде көп халықтың бірі ғой, шешем жасты қатын екен деп сыйладым. Ақтөбені сау басқан кезде ешқандай халықтан бір тиын жинамай екі фура…

Толық оқу

Air Astana рейсінде төтенше жағдай: жолаушылар мен стюардессалар қатты қорыққан

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін-ақ салонында біртүрлі дыбыстар естіле бастаған. Фото: видеодан скрин Алматыдан Ақтауға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының KC859 рейсінде техникалық ақау шықты. Оқиға қалай болды? Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін-ақ салонында біртүрлі дыбыстар естіле бастаған. Шамамен 30-40 минуттан соң ұшақ 10 мың метр биіктіктен күрт төмендеп, 3 мың метрге…

Толық оқу
Яндекс.Метрика