Тұрғындар жолды жапты: Алматы облысында қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)
Алматы облысына қарасты Талғар ауданында тұрғындар республикалық маңызы бар жолды жауып тастады. Бұған 10 жастағы баланы көлік қағып кетуі себеп болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте сағат 18:45 шамасында болған. «Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға…
